Қазақстанда қауіпті індеттің өршуіне байланысты, ішкі және халықаралық авиарейстердегі, сондай-ақ темір жол қатынастарында карантиндік шектеу талаптары күшейтілді.

Бүгіннен бастап тәуекелі жоғары өңірлердегі әуежай ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, теміржол вокзалдарының ғимараттарына да жолаушылардан бөгде адам кіргізілмейді. Тиісті қаулыға бүгін Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қол қойды. 

  • "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстары;
  • "Сары" аймақта – Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "Жасыл"аймақта – Түркістан, Қостанай облыстары орналасқан.

Ұлттық орташа көрсеткіш бойынша Қазақстан "қызыл" аймақта.


Оқи отырыңыз: