Әлемдік IT нарығын зерттейтін IDC компаниясының деректері бойынша 2020 жылы Қазақстанға 4,31 млн смартфон әкелінген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға көп. Ал батырмалы телефондардың үлесі сатылымның 9,1%-ын құрады. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Нарықтың жартысынан көбі Samsung смартфондарына тиесілі – 2,17 миллион ​​(+3,4%). Xiaomi смартфондары – 940 мың, нарықтағы үлесі 10,5%-дан 21,8%-ға дейін көтерілді. Ал Huawei смартфондарын жеткізу 2,6 есе төмендеп, 250 мың мобильді құрылғыдан аспады. Oppo смартфондарының үлесі бір жыл ішінде 7,9%-дан 11,2%-ға көтеріліп, 480 мыңға жетті.

Алғашқы жарты жылдықта наурыз бен мамырда енгізілген карантинге байланысты елге смартфондарды жеткізу бәсеңдеген. Онлайн саудаға көшкен соң екінші жарты жылдықта да смартфондар саудасы нашар болды

Samsung смартфондары шынымен де қазақстандықтар арасында өте танымал. Statcounter Global Stats веб-аналитика қызметінің мәліметінше, интернетке қосылатын мобильді телефондардың 41,4%-ы Samsung құрылғыларына тиесілі. Apple смартфондары – 20,1%, Xiaomi – 15,2% үлеске ие.

Қазақстанда жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетке қосыла алатын ұялы байланыс абоненттерінің саны жылдан жылға артып келеді. Соңғы бір жыл ішінде көрсеткіш 7,3%-ға өсіп, 2021 жылдың наурызына қарай мұндай абоненттер саны 15,9 миллионға жеткен.


Оқи отырыңыз: