Биыл "Болашақ" аясында үздік шетелдік жоғары оқу орындарда академиялық оқуға арналған жеңілдік санаттарының тізімі кеңейтілді. Бұл туралы "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы хабарлады.

Квоталық санаттар: 

  • Инженерлік-техникалық қыметкерлер;
  • Медициналық қызметкерлер;
  • Ауылдық елді мекендерден үміткерлер.

Квотамен түсушілер мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өте алады. Олар құжат тапсырған кезде шетелдік ЖОО-ға өз бетімен түсуге міндетті емес. Олардың стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында білім алуға ұсынылатын университеттер тізімінен оқу орнын таңдауға мүмкіндігі бар.

Құжат eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы қабылданады.


Оқи отырыңыз: "Бакалавриат қайтарылады". "Болашақ" бағдарламасындағы үш өзгерісті ғылым министрі атады


Инженерлік-техникалық қызмет саласы

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Құжат тапсырған кезде өндірістік процесті ұйымдастыру мен басқаруды (өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу/қайта өңдеу), соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында, сондай-ақ ұйымда тікелей өндірістік қызметті жүзеге асыратын үміткерлер;
  • Техникалық бағыттағы мамандық бойынша оқу үшін жалпы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
  • GPA 3,00 (4,33/4,00) немесе 5,00-ден 4,00;
  • IELTS (9-дан 5,0) / TOEFL IBT (120-дан 35);
  • Нәтижесі кемінде В1 қазтест сертификаты,105 жауап және 150 сұрақ;
  • Мәндес мамандықтар тізіміне сәйкес таңдалған мамандықтың бакалавр/маман дипломы бойынша мамандыққа сәйкес болуы.

Қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік және төлқұжат;
  • Еңбек кітапшасы;
  • Қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы;
  • №072-у медициналық анықтамасы;
  • Қазтест сертификаты (нәтижесі кемінде В1);
  • Шет тілінен сертификат.

Оқуды ұйымдастыру тәртібі:

  • Кепіл шарты;
  • Тілдік курстар "9+3" (Қазақстанда, шетелде);
  • Оқуға аттану;
  • Кемінде 3 жыл еңбекпен өтеу.

Оқи отырыңыз: "Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдаудың екінші легі басталды


Медицина саласы

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Құжат тапсыратын кезде қызмет атқаратын және медициналық ұйымдарда тікелей медициналық көмек көрсететін, жоғары медициналық білімі бар үміткерлер;
  • Медициналық бағыттағы мамандық бойынша оқу үшін жалпы медициналық жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
  • GPA 3,00 (4,33/4,00) немесе 5,00-ден 4,00;
  • IELTS (9-дан 5,0) / TOEFL IBT (120-дан 35);
  • Нәтижесі кемінде В1 қазтест сертификаты,105 жауап және 150 сұрақ;
  • Мәндес мамандықтар тізіміне сәйкес таңдалған мамандықтың бакалавр/маман дипломы бойынша мамандыққа сәйкес болуы.

Қажетті құжаттар пакеті:

  • Жеке куәлік және төлқұжат;
  • Еңбек кітапшасы;
  • Қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы;
  • №072-у медициналық анықтамасы;
  • Қазтест сертификаты (нәтижесі кемінде В1);
  • Шет тілінен сертификат.

Оқуды ұйымдастыру тәртібі:

  • Кепіл шарты;
  • Тілдік курстар "9+3" (Қазақстанда, шетелде);
  • Оқуға аттану;
  • Кемінде 3 жыл еңбекпен өтеу.

Оқи отырыңыз: "Болашақ" бойынша тағылымдамадан өту шығынын еңбекпен өтеу мерзімін енді кейінге шегеруге болады


Ауылдық елді мекендер

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Ауылдық елдімекендерде 3 жыл тұру және 2 жыл еңбек ету;
  • GPA 3,00 (4,33/4,00) немесе 5,00-ден 4,00;
  • IELTS (9-дан 5,0) / TOEFL IBT (120-дан 35);
  • Нәтижесі кемінде В1 қазтест сертификаты,105 жауап және 150 сұрақ;
  • Мәндес мамандықтар тізіміне сәйкес таңдалған мамандықтың бакалавр/маман дипломы бойынша мамандыққа сәйкес болуы.

Қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік және төлқұжат;
  • Еңбек кітапшасы;
  • Қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы;
  • №072-у медициналық анықтамасы;
  • Қазтест сертификаты;
  • Шет тілінен сертификат.

Оқуды ұйымдастыру тәртібі:

  • 5 кепілгер шарты;
  • Тілдік курстар "9+3" (Қазақстанда, шетелде);
  • Оқуға аттану;
  • Кемінде 3 жыл еңбекпен өтеу.