Тыныс алған кезде ауыз қуысына белгілі бір химиялық заттар – құрамының 90 пайызын күкірт немесе басқа да қосылыстар құрайтын заттар түссе, жағымсыз иіс шығады. Негізінен жағымсыз иісі бар заттар анаэробтардан, яғни оттегісіз көбейе алатын бактериялардан өндіріледі. Олар сарымсақ, көгерген ірімшік, шіріген жұмыртқа немесе бензиннің иісін еске түсіреді. 

Ауыздан жағымсыз иістің шығуына келесі факторлар да әсер етеді:

  • Уақыт. Түнгі уақытта сілекей аз бөлінетіндіктен, ауыз қуысын тазарту процесі бәсеңсиді. Осының әсерінен таңертең ауыздан жағымсыз иіс шығып тұрады.
  • Адамның жасы. Белгілі бір жасқа келгенде бөлінетін сілекей мөлшері өздігінен азаяды. Бұл өз кезегінде әртүрлі бактерийдің көбеюіне әсер етеді.
  • Гормондар. Ағзадағы гормондық өзгерістерге байланысты әйелдер кей күндері ауызынан жағымсыз иістің қатты шығатынын байқайды.
  • Тағам. Кейде бұған тым тәтті, тым ащы тағамдар, кофе, ішімдік, темекі, пияз, сарымсақ және карри әсер етеді. 

Бұдан өзге адамның қандай тамақ жегеніне қарамастан, үнемі аузынан жағымсыз иіс шығып тұратын кез болады. Мұны медицинада "физиологиялық галитоз" деп атайды. 


Оқи отырыңыз: МӘМС: Кімдер тісін тегін емдете алады?


Ол көбінесе келесі жағдайларда кездеседі:

  • ауыз қуысын уақытылы тазаламағанда, әсіресе брекет, протез таққанда;
  • антибиотик немесе глюкокортикостероид ішкенде;
  • шылым шеккенде;
  • күйзеліске түскенде;
  • тісте құрт пайда болғанда.

Осы орайда, дәрігер Әсеткүл Сариева ауыздан жағымсыз иіс шықпауы үшін не істеу керегін айтып берді. Айтуынша, ем асқазанның жұмысын жеңілдетумен тікелей байланысты. 

  1. Тамақты уақытылы ішу. Асқазан қорыта алуы үшін күнделікті аз-аздан 5-6 рет тамақтану қажет.
  2. Кешкі асты ұйқыға жатардан кемінде 3 сағат бұрын ішу. Түнде сілекей аз бөлінетіндіктен, тамақты қорытуға ағзаның күші жетпеуі мүмкін. Ал егер кешкі уақытта тамақ жеген болсаңыз, онда серуендеп қайтқан артық болмайды.
  3. Міндетті түрде таңғы ас ішу. Егер адам қарны ашқанда тамақтанбайтын болса, асқазанның сөлі жиналып, өт қисаяды. Кейін осы қышқылдар құм мен тасқа айналады.
  4. В дәруменін көбейту. Кей адамның үнемі аузы ашып, жағымсыз дәмді сезіп тұрады. Бұл В дәруменінің жетіспейтінін білдіреді. 

Оқи отырыңыз: Желшешекке қарсы екпе алу дұрыс па? Дәрігер кеңесі