Covid-19 жұқтырған 230 адамға жүргізілген зерттеу барысында аурудан кейінгі алты айдың ішінде олардың үштен бірінде ми қызметінің бұзылуы немесе психикалық ауытқудың белгілері пайда бола бастағаны анықталған. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Оксфорд университетінің ғалымдары пандемия неврологиялық проблемалар толқынына әкелуі мүмкін деп ескертеді. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады

Зерттеушілер 14 түрлі психикалық ауытқуды анықтады, олардың ең көп тарағаны – депрессия, мазасыздық және көңіл-күйдің өзгеруі. Ковидтен кейінгі инсульт жағдайлары сирек кездеседі (ауыр түрімен ауырып жазылғандардың 7%-ында) және деменцияның алғашқы белгілері (2%), ғалымдар бұл көріністерді де ескеру керек екенін айтады.


Оқи отырыңыз: Ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың 60 пайызы вакцина салдыру керек


Алайда, олар коронавирустың адамның жүйке жүйесіне қалай әсер ететінін әлі күнге дейін нақты түсіндіре алмайды. Ғалымдар оның жүйке жүйесіне әсер ету механизмдерін дәл сипаттауға әлі дайын емес.

Зерттеуді британдық және америкалық мамандар бірлесіп жүргізді. Оған қатысқан еріктілердің басым бөлігі – АҚШ-тан келген науқастар.

Бұл мұндай түрдегі алғашқы зерттеу емес. Өткен жылы дәл осы топ ғалымдары коронавирустан жазылғандардың 20%-ның психикасы бұзыла бастайды деген қорытындыға жасаған. Жаңа мәліметтерге сәйкес, ауырудан сауыққандардың 34%-ының психикасы бұзылады.


Оқи отырыңыз: