Үй кезегіне eGov арқылы қалай тіркелуге болады?
Тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй қоры басқармасы үйге eGov порталы арқылы онлайн кезекке түру үшін қалай өтініш беру тәртібі туралы нұсқаулық әзірледі. Нұсқаулық 3 қадамнан тұрады, тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
Оқи отырыңыз: Тұрғын үй кезегіне енді тек Egov порталы арқылы тіркелуге болады
Бірінші қадам:
- egov.kz порталына кіру.
- Порталдың барлық бөлімдері шығады, "Жылжымайтын мүлік" қызметін таңдау.
- Осыдан кейін "Жылжымайтын мүлік" қызметтері шығады, олардың ішінде "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" қызметін таңдайсыз.
- "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін әрі қарай екі қызмет шығады: кезекке қою; кезекте тұрғандар туралы мәліметтерді өзгерту. Сіз "Кезекке қоюды" таңдауыңыз керек.
Оқи отырыңыз: 5 пайыздық жаңа ипотека: тұрғын үй бағасы тағы қымбаттай ма?
Екінші қадам:
- Бос өрістер пайда болғаннан кейін деректерді толтыру қажет.
- Содан кейін қолайлы санатты таңдаңыз.
- Ішкі санатты таңдаңыз.
- "Негіздеме" бөлімінде "ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үйдің болмауын" таңдау қажет.
- Деректерді толтырамыз: телефон нөмірі, электрондық пошта, ЖСН.
- "Туыстық дәреже" бөлімінде отбасы мүшелері болған жағдайда міндетті түрде көрсетеміз.
Назар аударыңыз: "Жұмыс орны" бөлімін "Мемлекеттік қызметші" ретінде тұрғын үйге кезекке тұрғысы келетін өтініш берушілер ғана толтырады.
Оқи отырыңыз: Тұрғын үй субсидиясына кімдер ие болады?
Үшінші қадам:
- Өтінімге ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Нәтижесі: Өтінім толтырылып, жіберілді. Өтінімнің мәртебесін жеке кабинетте "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде көруге болады. Өтінімді тұрғын үй басқармасы 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды, жауап есепке қою немесе қоюдан бас тарту түрінде телефонға смс-хабарламамен келеді.