Әкімдіктен – 5 пайыздық ипотека. Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына шолу
Жастарға арналған өңірлік бағдарлама Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Жамбыл облысында бар.Жастар республикалық тұрғын үй бағдарламаларынан бөлек, жергілікті әкімдіктер ұсынатын ипотека арқылы да баспаналы бола алады. Әзірге мұндай өңірлік бағдарламалар Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Жамбыл облысында ғана бар. "Алматы жастары" 2020 жылы іске қосылса, былтыр "Елорда жастары" арқылы астана тұрғындары баспана алды. Олардың қатарын биыл Жамбыл облысы әкімдігінің "Әулиеата жастары" бағдарламасы толықтырды.
Informburo.kz аталған жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларына қатысу шарттарын түсіндіреді.
"Алматы жастары" бағдарламасы
18 мамырда жұмыс істейтін жастарға арналған "Алматы жастары" қалалық жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына құжат қабылдау басталады. Баспана алуға ниеттілер 2 маусымға дейін almaty-zhastary.kz сайтында құжат тапсырып үлгеруі қажет. Бағдарламаға бюджеттен 18 млрд теңге бөлінген.
№1. Негізгі шарттар:
- Қарыздың ең жоғарғы сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
- Бастапқы жарна – 10%;
- Несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін;
- Жаңа және екінші нарықтағы баспананы алу мүмкіндігі;
- Баспаналы болатын – 1 000 адамнан кем емес.
№2. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан азаматтығы;
- қатысушының жасы: 35 жасқа дейін. Жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады;
- үміткерде және оның отбасы мүшелерінде (жұбайы, балалары) жылжымайтын мүлкінің болмауы шарт;
- қатысушының ресми жұмыс өтілі: Алматыда кем дегенде соңғы 6 ай, міндетті зейнетақы мөлшерлемесі болуы қажет.
№3. Бағдарламаға қатыса алатын мамандық иелері:
- денсаулық сақтау саласының қызметкерлері;
- білім саласының қызметкерлері;
- мәдениет саласының қызметкерлері;
- спорт саласының қызметкерлері;
- ЖОО және ҒЗИ қызметкерлері;
- журналистер;
- әлеуметтік сала қызметкерлері;
- құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Оқи отырыңыз: "Шаңырақ", "Ұмай", "Жас отбасы". 2022 жылы баспаналы болудың жеті жолы
№4. Бағдарламаға қатысуға қажет құжаттар:
- Үлгі бойынша өтініш;
- Балалардың туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу куәліктері;
- eGov порталынан алынған өтініш берушіге және барлық отбасы мүшелеріне Қазақстан бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы анықтама;
- eGov порталынан алынған соңғы 1 жылға зейнетақы аударымдары туралы үзінді;
- Жжұмысқа тұрған күні мен қызметтік лауазымын көрсетіп берілген жұмыс орнынан анықтама;
- Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
- БАҚ-қа есепке қою куәлік (аталған талап тек журналистерге қатысты);
- Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан растайтын анықтамалар (аталған талап тек қана мәдениет саласында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға қатысты).
Қарастыруға өтініш пен құжаттарды берген күнге 10 күнтізбелік күннен ерте берілмеген келесі сканерленген құжаттар қабылданады.
№5. Қатысушылардың тізімі балл жүйесімен есептеледі:
Ұпай саны ең жоғары қатысушының пәтер алуға мүмкіндігі зор. Өтінім берушілердің балы тең болған жағдайда, өтініш пен құжаттарды ерте тапсырған қатысушыға басымдық беріледі.
- Тіркелген некедегі әрбір жыл үшін – 1;
- Бір балаға – 1;
- Осы санаттағы (саладағы) өтілінің әрбір жылы үшін – 2;
- Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататыны үшін – 5.
№6. "Отбасы банкте" төлем қабілетін бағалау үшін қажет құжаттар
Оқи отырыңыз: Ең төмен пайыз, ең ұзақ мерзімдер: мемлекеттік ипотекалардың толық тізімі
№7. Тұрғын үй қарызын алу алгоритмі:
Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының +7 (727) 225-14-57 нөміріне және "Отбасы банктің" 300 қолдау телефонына хабаралсып қосымша ақпарат алуға болады.
"Елорда жастары" бағдарламасы
Elorda Zhastary тұрғын үй бағдарламасы – Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Отбасы банкінің 2021-2023 жылдарға арналған бірлескен жобасы. Өтінімдер бағдарлама порталында қабылданады. Биыл өтінім қабылдау қашан басталатыны белгісіз
№1. Негізгі шарттары:
- Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
- Бастапқы жарна – 10%;
- Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
- Несиені қайтару мерзімі – 25 жылға дейін.
- Жаңа және екінші нарықтағы баспананы алу мүмкіндігі.
№2. Бағдарламаға қатыса алатын мамандық иелері:
- білім саласының қызметкерлері;
- денсаулық сақтау саласының қызметкерлері;
- ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
- БАҚ қызметкерлері;
- мәдениет саласының қызметкерлері;
- спорт саласының қызметкерлері;
- әлеуметтік сала қызметкерлері;
- коммуналдық сала қызметкерлері;
- полиция қызметкерлері;
- төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері;
- жетім балалар.
№3. Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Қазақстан азаматтығы;
- Қатысушының жасы 35-тен (қоса алғанда) аспауға тиіс. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
- Қатысушы және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Нұр-Сұлтанда соңғы 1 жылдан кем емес тұрақты тіркеуі болуы қажет;
- Үміткердің Отбасы банкінде сатып алатын баспана құнының 10% мөлшеріндегі алғашқы жарнасын бар депозиті болуы тиіс;
- Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің Қазақстан аумағында сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйі немесе меншік құқығында тұрғын үйі болмауы қажет;
- Қатысушының соңғы бір жыл ішінде Нұр-Сұлтанда таңдалған саласында ресми жұмыс өтілу болуға тиіс;
- Отбасының 1 мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табысы 6 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және басқа да міндетті жарналарды қоспағанда).
Оқи отырыңыз: "Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай?
№4. Бағдарламаға қатысуға қажет құжаттар:
- Бала тууы, қайтыс болуы, неке қию немесе бұзу туралы куәлік;
- Өтініш беруші мен барлық отбасы мүшелесінің жылжымайтын мүлкі жоқ (бар) екені туралы анықтама;
- Жұмысқа орналасқан күні және атқаратын лауазымы мен лауазымдық жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан берілген анықтама;
- Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар (қызметтік тізім, еңбек кітапшасы және т. б.);
- Еңбек қызметінің бүкіл кезеңі үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме;
- Өтініш берушінің немесе оның отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтама (бар болса);
- БАҚ-ты есепке қою туралы куәлік;
- "Отбасы банкте" депозиттік шоттың болуы туралы анықтама;
- Ерлі-зайыптылардың соңғы 6 айдағы табысы туралы жұмыс орнынан анықтама;
- Жоғары немесе орта білім туралы диплом;
- Егер өтініш берушінің соңғы 6 айдың бірінде еңбекке жарамсыздық, демалыс және т.б. салдарынан табысы болмаса демалыс туралы бұйрық немесе еңбекке жарамсыздық парағын ұсынуы қажет.
№5. Қатысушылар жинаған ұпайлары арқылы іріктеледі:
- толық 1 жыл жұмыс өтілі – 5 балл, толық емес жыл үшін – 3 балл;
- отбасында 1, 2, 3 топтағы мүгедектер мен мүгедек балалардың болуы – әр балаға 10 балл;
- Нұр-Сұлтанда "Жетім балалар" санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар – 5 ұпай.
Жоғары ұпай жинаған қатысушылар тізімде бірінші орналасады. Бірдей ұпай жинаған жағдайда жасы бойынша үлкенірек қатысушыға басымдық беріледі.
№6. Төлем қабілеттілігін бағалау үшін қажетті құжаттар
- Клиенттің және клиенттің жұбайының жеке басын куәландыратын құжат;
- Некеге тұру (бұзу) туралы, қайтыс болу туралы куәлік;
- ЖАО-дан жолдама;
Қарыз алушының/қосалқы қарыз алушының қосымша құжаттары:
- Зейнетақы аударымдарынан босатылған адамдардың табыстары расталса: барлық ұстап қалуларды көрсете отырып, жалақы туралы анықтама (соңғы 7-13 ай үшін);
- Зейнеткерлер табыстарын растаса: зейнетақы кітапшасы немесе зейнетақы куәлігі, зейнетақы мөлшері туралы екінші деңгейлі банктердегі карта шотынан үзінді көшірме немесе зейнетақы мөлшері туралы ЗТМО-дан анықтама;
- Стипендия алушылар табыстарын растаса: оқу орнынан алты айлық кезең үшін стипендияның ай сайынғы төлемдері туралы немесе стипендияны алушыға тағайындалған мөлшері жазылған анықтама;
- Тұрғын үй төлемдерін алушылар табыстарын растаса: қарыз алуға өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша соңғы 6 айдағы тұрғын үй төлемдері туралы деректерді қамтитын қызмет орнынан анықтама;
- Жеке кәсіпкерлер табыстарын растаса: жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама не кәсіпкер ретінде есепке қойылғанын растайтын құжат не қызметті кәсіпкер ретінде есепке қойылған күнін растайтын анықтама/талон беріледі.
Банк қосымша құжаттар талап ете алады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ипотека алу қаншалықты қолжетімді?
№7. Тұрғын үй қарызын алу алгоритмі:
Келіп түскен барлық өтінім 30 жұмыс күні ішінде тексеріледі. Содан кейін қатысушының ұялы телефонына өтінім мәртебесі жазылған хабарлама жіберіледі. Жолдама электронды поштаға келіп түседі. 10 күн ішінде жолдаманы Отбасы банкктің кез келген қызмет көрсету орталығына апарып, төлем қабілеттілігін бағалаудан өту қажет. Осы уақыт ішінде банкке жүгінбесе немесе банк рәсімінен өтпеген жағдайда жолдама тізімдегі келесі қатысушыға беріледі.
Банк біліктілігін өткеннен кейін хабарлама алған күннен, 60 күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді таңдап, құжаттарды "Отбасы банкке" ұсынуға міндетті. Егер қатысушы белгіленген мерзімде баспана ала алмаса келесі қатысушыға жолдама береді.
Нұр-Cұлтан қаласының жастар саясаты басқармасының +7-700-725-17-32 нөміріне және "Отбасы банктің" 300 қолдау телефонына, iKomek 109 нөміріне хабаралсып қосымша ақпарат алуға болады.
"Әулиета жастары" бағдарламасы
2022 жылдың шілде айынан бастап Жамбыл облысында жастарға жеңілдетілген тұрғын үй несие беруге өтінім қабылдау басталады. Бұл жобаға кезекте тұрған мемлекеттік, бюджет қызметкерлері қатыса алмайды. Басқа ипотека бағдарламаларында қамтылған санатқа жатпайтын, төлем қабілеті бар жастарға басымдық беріледі. Елу жасты баспанамен қамту жоспарланған Жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінген.
Қатысушыларды қосу жинаған балының санымен іріктеледі. Өтініш берушінің некеде тұрған әрбір жылына, бала санына және жұмыс өтіліне, облыста тұрған уақытына, жинақ шотының болуына қарай ұпай беріледі. Өтінім берушілердің балы тең болған жағдайда өтініш пен құжаттарды беру уақыты мен ерте тапсырған қатысушы басымдыққа ие болады. Бағдарлама талаптары жуырда арнайы сайтта жарияланады.
№1. Негізгі шарттар:
- қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн теңге;
- несие мерзімі – 19 жыл;
- мөлшерлеме – 5%;
- бастапқы жарна – 5%-дан бастап;
- бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
№2. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан aзаматтығы;
- Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда);
- Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
- Қатысушының Жамбыл облысында соңғы 2 жыл ішінде тұрақты тіркеуінің болуы, сонымен бірге өтініш беру кезінде онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Жамбыл облысында тұрақты тіркеуі болуға тиіс;
- Отбасы банкте жинақ шотының болуы
- Үміткердің және оның отбасы мүшелерінің басында баспананың болмауы;
- Жамбыл облысында кем дегенде бір жыл жұмыс өтілі, міндетті зейнетақы мөлшерлемесі болуы қажет.
№3. Бағдарламаға қатыса алатын мамандық иелері:
- денсаулық сақтау саласының қызметкерлері;
- білім саласының қызметкерлері;
- мәдениет саласының қызметкерлері;
- спорт саласының қызметкерлері;
- ЖОО-лар және ҒЗИ қызметкерлері;
- журналистер;
- әлеуметтік сала қызметкерлері.