Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көлігі жақындағанда бағдаршамның жасыл шамы жанады
⠀Әзірге мұндай "жасыл дәлізбен" реанимациялық бригада көліктері қозғала алады.City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, елорданың жедел жәрдем көліктеріне арнайы жабдықтар орнатылды. Бұл қондырғы көше қиылысына жақындағанда бағдаршаммен байланыс орнатып, оның жасыл шамы жанады.
Интеллектуалды тасымалдау жүйесін (ITS) жедел жәрдем көлігінің GPS навигаторларымен біріктіру арқылы жедел жәрдемнің науқасқа жету уақытын едәуір қысқарту мүмкін болып отыр.
Осылайша, "Ақылды бағдаршам" технологиясы елордалық жедел жәрдем қызметіне көмектеседі.
Оқи отырыңыз: Астаналықтар жол жүру ақысын енді QR-код арқылы төлей алады