Нұр-Сұлтан қаласының "Тұрғын үй орталығы" сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлады. Оған бастапқы жарна төлеудің қажеті жоқ. Аталмыш бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрғандар және келесі салаларда қызмет атқаратын азаматтар қатыса алады:

  • білім беру саласы;
  • денсаулық сақтау саласы;
  • мәдениет саласы;
  • спорт саласы;
  • әлеуметтік қорғау саласы;
  • полиция департаменті;
  • төтенше жағдайлар департаменті.

Өтінімді тұрғын үйге кезекте тұрған барлық санаттар және жұмыс орны бойынша талаптарға сәйкес келетіндер бере алады. Яғни, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер және тағы басқалар.


Оқи отырыңыз: "Алматы жастарына" құжат қабылдау аяқталды. Тұрғын үй бағдарламасына қатысуға 10 мыңға жуық адам өтініш берген 


Өтініш берушілерге қарастырылған тұрғын үй түрі:

  • сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;
  • 1 шаршы метрге жалға алу құны – 1 455 теңге;
  • жалға алудың ең ұзақ мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін;
  • тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді;
  • табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі бар;

Өтінімдерді қабылдау электронды түрде, 30 сәуірден бастап 10 мамырға дейін qatysu.zhilfond.kz (демалыссыз жұмыс істейді) порталында жүргізіледі. Қажетті құжаттар тізімі:

  • ЭЦҚ кілті;
  • өтінім берген сәтте 10 күннен кешіктірмей берілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы.

Өтініш беруші өзінің отбасы құрамына қарамастан, кез-келген (1,2,3 бөлмелі) пәтерге үміткер бола алады. Дегенмен, таңдаған пәтер түрін алуға мақұлдау, өтініш берушінің төлем қабілеттілігіне тікелей байланысты. Мәселен, сіз 1 бөлмелі пәтер таңдасаңыз:

  • жалпы ауданы – 37 ш.м.;
  • шаршы метр үшін төлем – 1 455 тг.;
  • жалпы төлем – 53 835 тг.;
  • отбасына шамамен алынған табыс – 110 000 тг. (өзге міндеттемелерді есепке алмағанда).

Оқи отырыңыз: ҚазҚСҒЗИ зерттеуі: Қазақстанда 20 жылда тұрғын үй бағасы 15 есе қымбаттады


Бағдарлама 2 кезеңде жүзеге асырылады:

  1. қатысуға өтініш беру және кезекке қою күніне сәйкес іріктеу;
  2. кезекке қою күні бойынша байқаудан өткеннен кейін Қазақстан ипотекалық компаниясында төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өту қажет.

Жалға берілетін пәтер саны – 297. Ортақ пәтердің саны сала қызметтеріне бөлінген, олардың ішінде:

  • білім беру – 51 пәтер;
  • денсаулық сақтау – 57 пәтер;
  • мәдениет – 35 пәтер;
  • спорт – 41 пәтер;
  • әлеуметтік қорғау – 45 пәтер;
  • полиция департаменті – 48 пәтер;
  • ТЖД – 20 пәтер.

Тұрғын үйдің орналасқан жері:

  • "Сапа" ТҮ (Қосшығұлұлы, 7);
  • "Тілендиев" ТҮ (Тілендиев даңғылы),
  • "Шұғыла" ТҮ ("Сарыарқа" ауданы мен Абай көшесінің қиылысы);

Өтініштерді қарау нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.