Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында ҚР Президентінің Телерадиокешені қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы Шабал Бейсекова атындағы көше бойындағы жаңа аллеяға ағаш көшеттерін отырғызды.

70-тен астам ағаш егілді, үйеңкі, қарағаш, қарағай, балқарағай, терек көшеттері қаланың экологиялық аймақтарын кеңейтуге арналған аллеялар санын көбейтеді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ҚР Президентінің Телерадиокешенінің құрылғанына 25 жыл толғалы отыр. Кешен басшысы Раушан Қажыбаеваның айтуынша, Қазақстанның ақпараттық алаңында ТРК қоғамдық-саяси документалистикасының өзіндік орны бар.

Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даму тарихы туралы баяндайтын 800-ден астам деректі фильм түсірілді. Бүгінде мерейтой аясында "Қуатты өңірлер – Қуатты Қазақстан" арнайы жобасы және "Мен және менің елім" тақырыптық роликтер топтамасы жүзеге асырылуда.


Оқи отырыңыз: "Тәуелсіздік бәрінен қымбат". Президент мақаласының толық мәтіні