Nur Otan: Түркістанда Орта Азияда теңдесі жоқ ғимараттар салынып жатыр
Nur Otan партиясының атынан Түркістан облыстық мәслихатының депутаты болуға үміткер Бекарыс Шойбеков пен Олжас Алмасұлы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан қаласындағы құрылыс алаңына барып, жұмысшылармен кездесті. "Түркістан құрылыс" ЖШС-не бас сұққан нұротандықтар құрылысшыларды партияның бүгінге дейін атқарған жұмысымен таныстырып, сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
"Nur Otan халықтық партия екенін әркез дәлелдеп келе жатыр. Әсіресе, елдің басына қиындық туғанда алғашқылардың бірі болып, халықтың жанынан табылып жүрген де осы партия екенін сіз бен біз көріп жүрміз. Сондай-ақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы басшылық етіп отырған саяси ұйым елдің дамуына да ерекше атсалысып келеді. Оны алысқа бармай-ақ қаламыздың күн санап көркейіп келе жатқанынан оңай аңғаруға болады. Бүгінгі сіздердің сарп етіп жүрген еңбектеріңізді осы бастамаларға деген қолдауларыңыз деп түсінеміз. Алдағы уақытта да халықтық партиямен бірге болып, сайлауда Nur Otan-ға дауыс беруге шақырамын", – деді айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков.
Сондай-ақ, депутаттықтан үміткер азаматтар партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасымен де бөлісті. Қазірдің өзінде Түркістанда әлемдік талапқа сай ғимараттар салынып жатыр. Партияның 5 жылдық жоспарына сәйкес облыста 14 жаңа медициналық нысан салынады. Соның үшеуі Түркістан қаласына тиесілі. Олардың қатарында 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы, 630 орындық көпсалалы облыстық медициналық орталық пен 300 адамға арналған стоматологиялық емхана бар. Одан бөлек, облыс орталығы толық көгілдір отынмен қамтылатын болады.
Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді. Материалды толық күйінде не оның бөліктерін қолдануға тыйым салынады.