Съезге кімдер қатысты?

Кезектен тыс өткен XIX съезге Нұр Отан партиясының басшылық алқасы, әр облыс пен қаладан келген өкілдер, Үкімет мүшелері, дипломаттар мен елшілер, атқарушы билік өкілдері келді.


Съезге келушілер / Сурет informburo.kz

Дайындықтың Президент сайлауынан кем болмағанын байқадық.


Елшілер де келді / Сурет informburo.kz

Спортшылар мен әртістер де жүр.


Ермахан Ыбрайымов / Сурет informburo.kz

Залдың әр орындығына дейін кімнің отыратыны анық жазылған.


Болгария елшісінің орны / Сурет informburo.kz

Жастар жағы ту көтеріп, жалаулатып отырды.


Белсенді жастар / Сурет informburo.kz

Әр орынның өз статусы бар.


Кей делегаттарға осындай киіз қоржын берілді / Сурет informburo.kz

Басшылық алқасы қалай отырды?

Нұрсұлтан Назарбаевтің оң жағына Қасым-Жомарт Тоқаев, одан кейін Дариға Назарбаева отырды. Ал сол жағында Мәулен Әшімбаев жайғасты.

Алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтің, сосын Қасым-Жомарт Тоқаевтің аты аталды.

– Аса мәртебелі Нұрсұлан Әбішұлы!
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев! – деп сөз бастаған Мәулен Әшімбаев съездің басталғанын жариялады.

Әнұран орындалды.


Съезд әнұранмен басталды / Сурет informburo.kz

Жиналыста алдымен орталық саяси шешімдерді талқылады. Ұсынылған күн тәртібі дауысқа салынды.

Сөз Нұрсұлтан Назарбаевта

Елбасы нұротандықтарды съездің ашылуымен құттықтады. Сосын өткен жиналыс кезіндегі шешімге сай бүгін президенттік сайлауға үміткерді ұсыну үшін жиналып отырғанын жеткізді. Сонымен бірге өзінің Президенттік міндетін алдын ала өткізіп бергенін ескертіп өтті.


Нұрсұлтан Назарбаев съезде / Сурет informburo.kz

Тұңғыш Президент сөзін әдеттегідей ресми тілде жалғастырды. Істеліп жатқан және істелуге тиісті жұмыстарды тізіп, қажетті шараларды атады.

Назарбаев өзін қолдап келгендерге алғысын білдірді. Партияға мемлекеттің стратегиялық саясатын жалғастыру керектігін, халық үшін бәріне дайын болуды тапсырды.

Сөз кезінде Назарбаев Президенттікті Қасым-Жомартқа беруін "әлемдегі демократиялық үрдістің белгісі" ретінде атады.

– Егер нұротандықтар біздің таңдауымызға қолдау білдірсе, кандидатымызды ұсынамыз, – деп Тоқаевтің БҰҰ жұмыс істегенін, тәжірибелі басшы екенін, ел экономикасын көтеруге, Ұлттық қор құруға, әлеуметтік жобаларды, зейнетақы қорын ұйымдастыруға үлес қосқанын айтып, оған сенетінін алға тартты.

"Президент – Тоқаев болады"

Қасым-Жомарттың кандидат ретінде ұсынылатынын хабарлаған Назарбаев:

– Ол менен мүшел жас кіші, көрші елдің басшысымен құрдас, – деп Қасым-Жомарт Тоқаевтің кандидатурасын қолдауға шақырды.

– Қазақстан, тек ғана алға! Алға, Нұр Отан! Алға, Қазақстан! – деп сөзін аяқтады.

Кімдер сөйледі, не айтты? Екі ауыз сөзбен айтсақ...

  • Екінші сөз қоғам қайраткері, экс-сенатор Әділ Ахметке берілді. Ол Назарбаевтың Президенттіктен бас тартуының елдің саяси сахнасындағы ұлы шешім деп, үлгі көрсеткенін айтып, жетістіктерді тізіп берді

    Әділ Ахметов / Сурет informburo.kz

  • Үшінші болып сөйлеген Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев еліміздің экономикалық жетістіктерін тізіп және инвестициялық өсімдерді атады. Сонымен бірге ірі мұнай өңдеу зауаттарының жұмысының жанданғанын, өнеркәсіптік даумудың, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жолдар жасалып, инфрақұрылымның артқанын айтты.
  • Мәжіліс депутаты Ирина Аронова Назарбаевтің саяси және дипломатиялық жетістіктерін, іскерлігін баса айтып, Тоқаевты қолдауға шақырды.
  • Сөз Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке берілді. Спорт пен аграрлық саладағы жетістіктерді айта келе, барлығын жаңа кандидатты қолдауға шақырды.
  • Одан кейін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлік пен энергетика саласындағы жетістіктерді сөз етті. қылды.
  • Кәсіпкер Новолодская Зоя мен "Айқын" газетінің бас редокторы, журналист Нұртөре Жүсіп, дәрігер Айман Оспановадан кейін мұғалім мен "Жас Отан" мүшесі мінберге көтерілді.

Тоқаев не деді?

Одан әрі Қасым-Жомарт Тоқаев сөз алды.


Қасым-Жомарт Тоқаев / Сурет informburo.kz

– Маған зор сенім артып, ҚР Президентке ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен рахмет айтамын, – деп бастап, Елбасына деген өз құрметін білдірді. Назарбаевтің саяси стратегиялық бағытын жалғастыратынын жеткізді. Әрі партияның саяси кеңесі мен бюросының нақты іске кірісіп, халықпен кездесуін және заман талабына сай насихаттау жұмысын ұйымдастыруын талап етті. "Жұмыс дұрыс, адамдар сенімді болса, жеңіске жетемін" деді.

Дауысқа салды


Назарбаев Тоқаевты құттықтады / Сурет informburo.kz

Мәулен Әшімбаев:

– Қаулы: ҚР Президентіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылсын! Дауысқа салынсын, – деді. Делагаттар бір ауыздан қолдады. Әшімбаев:

– Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттікке кандидат ретінде ұсынылады, – деп, партияластары атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады.

"Бастық – біреу, біз – тіреу болуымыз керек"

Соңғы сөз Назарбаевқа берілді.

– Қасым-Жомарт Кемелұлын бір ауыздан қолдағандарыңыз үшін шынайы рахметімді айтамын. Біз бұл сынақтан да өтеміз, – деді.


Делагаттар мен жастар / Сурет informburo.kz

– Біз басқа елдермен салыстырғанда үлкен мемлекет емеспіз, кіші де мемлекет емеспіз, – деп бастаған Назарбаев жаңа заманның талабына ілесемін деп батыс пен ел арасындағы алауыздық тудырушыларды сынады. Сонымен бірге "алты бақан алауыз" болмай, биліктен айрылып қалмаудың маңызына тоқтады.

Соңында "Бастық – біреу, біз – тіреу болуымыз керек" деді Нұрсұлтан Әбішұлы.


Назарбаев көзіне жас алды / Сурет informburo.kz

Ең соңында жастар "Алға, Қазақстан!" деп айғайлап тұрды. Нұрсұлтан Назарбаев көзіне жас алды. Тоқаевты құттықтап жатқандар да болды.

Тоқаев Республика Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады

Президент ҚР Конституциясының 41-бабы 2-тармағына ресми түсіндірме беруін сұрады. Іс жүргізуге қабылданғаны жарияланды.

Өтініш беруші Республика Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұруы туралы талабының мазмұнын ашуды, сондай-ақ Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және Республика мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарда жұмысы кезеңінде азаматтың елден тыс жерде тұрған уақытын аталған мерзімге есептеу мәселесін түсіндіруді сұрайды.

Бұл туралы 10 сәуірде ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2011-2013 жылдар аралығындағы дипломатиялық қызметі оның кезектен тыс Президенттік сайлауға түсуіне кедергі болмайтынын айтқан.

Парламент Мәжілісінің Вице-спикері Гүлмира Исимбаева Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық жұмыстармен шетелде болуы "ұзақ уақыттық іссапар ретінде саналады" деген пікір білдірген.