Жыл басынан бері қандас атанған 17,3 мың этникалық қазақтың 11,1%-ы жоғары білімді
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде тек 3,1%-ының білімі жоқ.2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 17 358 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,7 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі:
- Өзбекстан – 76,2%;
- Қытай – 9,7%;
- Түрікменстан – 6%,
- Моңғолия – 2,5%;
- басқа елдерден – 5,7%.
Келген этникалық қазақтар негізінен:
- Алматы – 28,3%;
- Түркістан – 13,4%;
- Маңғыстау – 19,1%;
- Жамбыл облыстарына – 7,8%;
- Шымкентке – 10,5% қоныстанды.
Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша – 11,1% жоғары білімді, 40,2% – орта кәсіби білімді, 45,5% – жалпы орта білімді және 3,1% – білімі жоқ.