Екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы жұмысынан айырылу бойынша төлемге өтінім беруге болады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл төлемді азаматтар 1 айдан 6 айға дейін ала алады. Бұған дейін аталған өтінішті Enbek.kz электрондық еңбек биржасы, халыққа қызмет көрсету орталығы, "Электронды үкімет" порталы арқылы беретін. Енді оны Halyk мобильді қосымшасының "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі арқылы бере алады.

"Жұмысынан айырылу бойынша өтінім беру – биыл жүзеге асырылып отырған екінші қызмет", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның мереке күндері тізімінен 50 дата не үшін сызылмақ? Еңбек министрлігі түсіндірді


Қызметті еңбек министрлігі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және "Қазақстан халық банкі" АҚ жүзеге асырды.