Бүгінгі таңда сомасы 1,3 трлн теңгеден астам 128 салық жеңілдігін алып тастау ұсынылып отыр. Біз бұл мәселеде ашық жаңа жүйе құрып жатырмыз. Біз салықтық жеңілдік туралы түсінік береміз. Жеңілдіктерді беру, ұзарту, қысқарту шарттарын белгілейміз, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин. 

Министрдің айтуынша, жыл сайын олардың тиімділігіне мониторинг жүргізілетін болады.

"Бүгінгі таңда сомасы 1,3 трлн теңгеден астам 128 салық жеңілдігін алып тастау ұсынылып отыр. Біз бұл мәселеде ашық жаңа жүйе құрып жатырмыз. Біз салықтық жеңілдік туралы түсінік береміз. Жеңілдіктерді беру, ұзарту, қысқарту шарттарын белгілейміз. Біз салық мөлшерлемелерін саралаймыз. Корпоративтік табыс салығының базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады, бірақ жекелеген секторлар үшін жоғары мөлшерлеме белгіленеді. Бұл банк және ойын секторы. Мөлшерлеме 25%-ды құрайды", – деді министр. 

Сондай-ақ, қаржы лизингі және әлеуметтік сала үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін кезең кезеңмен 10 пайызға дейін көбейту ұсынылғанын атап өтті. 

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мөлшерлеме 3% деңгейінде қалады. Біз инвесторлар үшін, соның ішінде геологиялық барлау үшін қосымша ынталандыруды қарастырдық", – деп қосты Серік Жұманғарин.