Жошы хан, Әзілхан Нұршайықов, Әшірбек Сығай. Елордада бірнеше көшенің атауы өзгерді
Мұхамеджан Тынышбаев көшесі Иманжүсіп Құтпанов көшесімен біріктілді.Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше көшеге танымал тұлғалардың есімі берілді. Бұл туралы қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп хабарлады.
Қала әкімдігінің қаулысы мен қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес:
- А82 көшеге – Мұхамеджан Тынышбайұлының;
- № 23-15 көшеге – Қалибек Қуанышбаевтың;
- Е11 көшеге – Әзілхан Нұршайықовтың;
- Е609 көшеге – Әшірбек Сығайдың;
- Е613 көшеге – Саят Абеевтің;
- Е632 көшеге – Тұяқберді Шәмеловтің;
- Е633 көшеге – Бақтыгерей Құлмановтың;
- Е635 көшеге – Ғазиз Байтасовтың;
- Е809 көшеге – Жошы ханның;
- Е585 және Е865 көшелерге – Әмір Едігенің;
- Е586 және Е875 көшелерге – Роза Жаманованың;
- Е589 және Е611 көшелерге – Тұрмағамбет Ізтілеуұлының есімі берілді.
Сонымен қатар Сығанақ көшесінде орналасқан атаусыз саябаққа "Бухарест" атауы берілді.
Ал бұрынғы Мұхамеджан Тынышбаев деп аталатын көше Иманжүсіп Құтпанов көшесімен біріктілді.
Бұған дейін көше атауын ауыстыру туралы ұсыныс қалалық мәслихатта қаралып жатқаны туралы жазған едік.