"Ұлттық тұтынушылар лигасы" РҚБ басшысы Светлана Романовская жала жабу туралы іс бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотында өзінің абыройы мен қадір-қасиетін қорғады, деп хабарлады ҰТЛ баспасөз қызметі. 

Ұлттық лиганың хабарлауынша, Жоғарғы сот қоғам белсендісі Жәмилә Садықованың Светлана Романовскаяның сөздерін жала деп тану туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты. Жоғарғы сот Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының 2023 жылғы 7 тамыздағы шешімін және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 12 қазандағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхат беру туралы өтінішінен бас тартқан.

Еске салайық, қоғам белсендісі Жәмилә Садықованың Светлана Романовская үстінен арыз түсіріп, биылғы ақпанда сотта жеңіліп қалған болатын. 

Светлана Романовскаяның түсіндіруінше, бұл дау бейнеконференция барысында балама темекі тарту тәсілдерін талқылау кезінде лига мүшелерін байланыстан себепсіз шығарып, қайта қоспаудан кейін туындаған. Осы мәселеден кейін Светлана Романовскаяның Үкіметке, атап айтқанда Денсаулық сақтау министрлігіне жолдаған хаты Жәмилә Садықованың оның үстінен сотқа арыз түсіруіне себеп болған. Алайда сот бірнеше инстанцияда оның талап-арызын қанағаттандырған жоқ

Осылайша, екі жылға созылған іске Жоғарғы сот соңғы нүктені қойды. 


Оқи отырыңыз: Глава Национальной лиги потребителей Казахстана выиграла суд у главы ОФ "Темекiсiз"