2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 867 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған. Бул туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,5%) – Өзбекстаннан, 10,4%-ы – ҚХР-дан, 7%-ы –  Түркіменстаннан, 2,5%-ы – Моңғолиядан және 4,5%-ы басқа елдерден қоныс аударған. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Түркістан (14,5%), Маңғыстау (18,7%) және Жамбыл (8,0%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7%) қаласына қоныстанды.

1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 55,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілер – 25,3%-ды және зейнеткерлер 19,2% құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 10,9%-ы – жоғары білімді, 39,3%-ы орта кәсіби білім алса, 45,9%-ының жалпы орта білімі бар, ал 3,9%-ының білімі жоқ.