Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 89,7 мың этникалық қазақ оралды.2022 жылғы 1 ақпандағы жағдайы бойынша 1 820 этникалық қазақтар тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 89,7 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың:
- 73,5 пайызы Өзбекстаннан;
- 11,8 пайызы Қытайдан;
- 3,7 пайызы Түрікменстаннан;
- 3,1 пайызы Моңғолиядан;
- 8,1% басқа елдерден келген.
Оқи отырыңыз: Оралман, қандас, бауырлас, ағайын немесе отандас. Дұрысы қайсы?
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (15,7%), Түркістан (14,0%) және Жамбыл (6,6%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,4%), Нур-Султан (7,4%) және Шымкент (8%) қалаларына қоныстанды.
Осы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ды және зейнеткерлер 15,8%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 12%-ы жоғары білімді, 39,8%-ы орта кәсіби білімді, 47,1%-ы жалпы орта білімді және 1,1%-ының білімі жоқ.