Брифинг барысында сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.

Сондай-ақ, ол жер сілкінісі кезінде жанармай құю бекеттеріне баруға болмайтынын айтты.

"Жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар – жарылыстар, өрттер болуы мүмкін", – деді Сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев.

Ол қандай да бір себептермен азаматтар ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенбейтінін айтты.


Оқи отырыңыз: Google ескертуі неге алматылықтардың бәрінің телефонына бірдей келген жоқ


"Ең алдымен ресми ұйымдарға: ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органға сенуге шақырамын. Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз – журналистермен бірлесіп, азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін тәрбиелеу қажет", – деді ол.