Кәсіпкерліктегі жарғылық капитал үлесінің иелері egov.kz электронды үкімет порталында өз үлесін сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігіне ие болды. 

Қызмет заңды және жеке тұлғаларға қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен құрылтайшының (жеке тұлғаның) жарғылық капиталдағы үлестерін сенімгерлік басқаруға беру, үлесті басқаруға беру мерзімін өзгерту және сенімгерлік басқаруға беруді қайтарып алу мүмкіндігі бар. 


Оқи отырыңыз: Тұрғын үй кезегіне енді тек Egov порталы арқылы тіркелуге болады


Бұл қызметті пайдалану үшін "электрондық үкімет" порталына өту қажет. Содан соң пайдаланушы:

  • порталда авторизациядан өтеді;
  • қызметке онлайн тапсырыс беруді бастайды;
  • ішкі қызметті таңдайды;
  • міндетті жолдарды толтырады;
  • автоматты тексерулерден өтеді;
  • құжаттарды тіркейді (таңдаған ішкі қызметке сәйкес);
  • өтінімге электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды;
  • өтінімді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жібереді.

Қызмет көрсету мерзімі тіркеушінің қатысуымен eGov.kz порталында  өтініш берілген күннен кейінгі 3 жұмыс күннен аспайды.