Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz  веб-сайтын іске қосты.

"Бұл сайтта азаматтар биыл орын алған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады" делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қазіргі уақытта дәлелдемелерді жинау мен тіркеу, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: 8 өңірде бүлінген 53 мемлекеттік нысан жөндеуді қажет етеді