Бұл – ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар үшін ерекше күн. Осы білім күні қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады.

Мемлекет басшысы әр оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс дей келе жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

"Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Сол үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды. 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады" деген Мемлекет басшысы, жалпы, мектеп салу Үкімет және жергілікті әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек екенін атап айтты.

"Бала – біздің болашағымыз" дегендей білімді ұрпақ ел ертеңін көгертуге үлес қосары анық. Ал мемлекет және ата-аналар сол балалардың, жастардың сапалы білім алуына жағдай жасауға жауапты. Білімге ұмтылған барлық балақайға сәттілік тілейміз!

Данабек ИСАБЕКОВ,
"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы Шымкент қалалық филиалының директоры

#ЖОЛДАУ_2022