Жалған екпе паспортын сату бойынша ақпаратты жинайтын ведомствоаралық арнайы топ құрылады
Арнайы топ Ішкі істер министрлігі жанынан құрылады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалған екпе паспортын сататын адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
"Иммундау процесін баяулататын тағы бір өзекті мәселе – бұл жалған екпе паспорты. Мұндай теріс істің кез келген жолмен таралуын дер кезінде ауыздықтау маңызды болып отыр. Басталған жұмысты жалғастыру керек. Ішкі істер министрлігі жанынан жұмысты үйлестіретін, қоғам белсенділері мен тұрғындардан ақпарат алып, оны өңдейтін Ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы жалған вакциналау паспорттарын жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырды. Ол бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтергенін, мәселе ұлттық қауіпсіздікпен байланысты екенін атап өтті.