Жетісу облысында Сібір жарасының 33 көмілген ошағы анықталды
Облыста ветеринария заңнамасын бұзған 100-ден астам лауазымды тұлға жазаланды.Жетісу өңірінде табиғатты қорғау прокуратурасы ветеринариялық заңнаманы сақтамаған 100-ден астам лауазымды тұлғаны жазалады. Бұл туралы Жетісу облысынң прокуратурасы хабарлады.
Облыс бойынша ветеринарияның лауазымды тұлғалары жануарларды вакцинациялау кезінде 33 мың заң бұзушылыққа, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершіліктен босатудың 526 фактісіне жол берген.
"Облыс аумағында Сібір жарасы ошақтарының иесіз жерленген 33 жері анықталды. Онда оларды оқшаулау және сәйкестендіру шаралары жүргізілмеген", – деп жазылған хабарламада.
Ветеринариялық мекемелерде қызметкерлердің жалған диплом пайдаланғаны туралы 4 фактісі анықталды, тағы 124 қызметкер білімі мен тәжірибесі бойынша атқаратын қызметтеріне сәйкес келмеген.
Оқи отырыңыз: Абай облысының ауылында төтенше жағдай: Сібір жарасы таралуы мүмкін деген күдік бар
Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 100-ден астам лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде аумақтың 3 инспекция басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық үшін жауапқа тартылды.
Мемлекет кірісіне 3 млн теңгеден астам қаржы өтелді.