Жетісу облысында мопед тізгіндеген ағайындылар электр бағанасына соғылып көз жұмды
Рейд кезінде ереже бұзған 100-ден астам көлік құралы айып тұрағына қойылды.Полиция қызметкерлері 41 және 43 жастағы азаматтар жол ережесін елегендіктен апатқа ұшырағанын айтты, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жетісу облысында соңғы жылдары қос дөңгелекті көліктердің кесірінен оқыс оқиғалар жиілеген. Тәртіп сақшылары арнайы топ құрып, жүгенсіз кеткен жүргізушілерді жаппай жазалауға көшті. Рейд кезінде ереже бұзған 250-ге жуық электросамокат пен мопед тізгіндеген азаматқа айыппұл салынып, 100-ден астам көлік құралы айып тұрағына қойылды.
Оқи отырыңыз: Ереже, айыппұл, талап: Самокатшыларға қатысты жаңа заң туралы нені білу керек.
Айта кетейік, тамыз айында электросамоткаттардың қозғалысы мен жылдамдығын шектейтін заң қабылданған болатын. Жаңа талапқа сәйкес, трассаның оң жағымен және автобус жолағымен жүру үшін самокат мінген адамның жасы 18-ге толған және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы міндетті. Сондай-ақ, басына қорғаныс бас киімін киіп, жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы тиіс. Ал, жаяу жүргіншілердің жолымен жүретіндер сағатына 6 шақырым жылдамдықпен жүру керек.