Жер бетінде 896 млн адам хат танымайды: оның үштен екісі – әйелдер
ЮНЕСКО өкілі ересектерді біліммен қамту жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.ЮНЕСКО бас директоры Одри Азуле ересектерді біліммен қамту тақырыбында өткен VII халықаралық конференцияда Жер бетінде хат танымайтындардың санын айтты. Шара YouTube видеохостингінде тікелей эфирден көрсетілді.
"Жер бетінде 770 млн ересек адам және 126 млн жас адам оқу оқып, жазу жаза алмайды", – деді ол.
Азуленің айтуынша, жоғарыдағы санның үштен екі бөлігін әйел адамдар құрайды. Ол осы мақсатта "ересектерді біліммен қамту" жұмыстарын жалғастыру және кей жерде іске қосу қажет екеніне тоқталды.
Оқи отырыңыз: Колледжде қалай тегін білім алуға болады?
Бұған дейін Үндістан штатының тұрғыны Керала Куттиямманың 104 жасында сауат ашқаны белгілі болды. Әйел адам кедей отбасында дүниеге келген, көптен бері білім алғысы келсе де, тек осы жылдың сәуір айында оқып, жазуды үйренген.
"Маған әрдайым әлемде не болып жатқанын білу қызық еді", – деді Куттиямма.
Сондай-ақ, ол білім алмағаны үшін өкініп, әрдайым немерелерінен газет оқып беруді сұрағанын бөлісті.