Жеке балабақша тәрбиешілері тұрғын үй бағдарламасына қатыса ала ма?
Балабақша тәрбиешілері үшін біліктілігіне төлем мен үстемақы қарастырылған.Жекеменшік балабақша тәрбиешілеріне жеңілдетілген жолмен баспана алу мүмкіндігін беруіміз қажет, деп мәлімдеді ҚР үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова.
Қазақстанда балабақша тәрбиешілері үшін біліктілігіне төлем мен үстемақы заң бойынша қарастырылған. Бірақ бұл мақсатқа бюджеттен қаражат бөлінбейді.
"Әкімдік мемлекеттік балабақшаларға қаржыны жергілікті бюджеттен бөледі. Сол себепті тәрбиешілер мемлекеттік балабақшаға қалай да болсын жұмысқа тұруға тырысады. Сондай-ақ, мемлекеттік балабақша тәрбиешілері жеңілдікпен пәтер ала алады", – деді Лейла Күленова.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысының жастарына 5 пайызбен ипотека беріледі
Осы орайда, қауымдастық төрайымы жекеменшік балабақша тәрбиешілеріне жалдамалы пәтер мен жеңілдікпен несие алу мүмкіндігін беруді ұсынды.
"Тәрбиешілерді қай жерде жұмыс істейтініне қарай бөлмеуіміз керек", – деді қауымдастық төрайымы.
Бұдан өзге Лейла Күленова жекеменшік балабақша тәрбиешілерін де мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатыстыру қажеттілігіне тоқталды.
Оқи отырыңыз: 18 мамырда "Алматы жастарына" өтінім қабылдау басталады