"Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Ашық диалог сайтында қойылған сауалға берген жауабында қандай несие түрлерін онлайн өтеуге болмайтынын түсіндірді. Сұрақ қоюшы азамат зейнетақы жинағы есебінен қаражат салынған ипотекасы бойынша мобильді қосымша арқылы ішінара өтем жасауға мүмкіндік жоқ екенін жазған. "Төлем жасау үшін міндетті түрде банк бөлімшесіне бару керек, ал бұл аса ыңғайлы емес" деп жазды ол. 

Ләззат Ибрагимова бұған орай әзірге кей несие түрлері бойынша мобильді қосымшада өтем жасау мүмкіндігі әлі жоқ екенін айтып, оларды атап берді. Оған келесі санаттарғы тұрғын үй несиелері жатады: 

  • банкпен ерекше байланысы бар/аффилиирленген тұлғалардың қарызы;
  • қайта есептеліп, сомасы өзгерген қарыз;
  • несиенің 90 пайыздан астамын өтеу үшін қарыздың нақты мақсатқа жұмсалғанын дәлелдейтін құжаттар ұсынбаған кезде;
  • белгілі бір мақсатқа берілген қаражат: жер учаскесін алу, жөндеу және қайта жабдықтау жұмыстары (біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен берілген);
  • "Жеңіл-2" аралық тұрғын үй қарыздары;
  • клиент салық төлемейтіндер базасында болса;
  • шоттар бұғатталған жағдайда. 

Оқи отырыңыз: Отбасы банкіндегі депозитті жаппай-ақ одан ақша шешу жолын банк басшысы айтты


Мұнымен қатар, Ләззат Ибрагимова қосымша сұрақтарға жауапты +7 705 925 1301 нөмірі арқылы алуға болатынын айтты.