Жаслан Мәдиев цифрлық даму министрі болып тағайындалды
Оның кандидатурасына Парламент Мәжілісі келісім берді.Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып Жаслан Мәдиев тағайындалды.
"Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалсын", – делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Оның кандидатурасына Парламент Мәжілісі келісім берді.
"Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына Жаслан Хасенұлы Мәдиевтің кандидатурасы келісілді", – деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.