Зардап шеккендерге гуманитарлық жүктерді Қазақстандағы ақылы жолдармен тегін тасымалдауға болады
Тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін жүргізушілер өтініш беруі керек.Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық жүктерді ақылы жолдармен тегін тасымалдауға болады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады.
24 сәуір мен 5 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге арналған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктері ақылы жолдармен тегін жүре алады.
Тегін жол жүру мүмкіндігін пайдалану үшін жүргізушілер 1403 телефоны арқылы өтініш қалдыруы керек. Оператор автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсетуі қажет.
Оқи отырыңыз: Бектенов: Су тасқынынан зардап шеккендерге 100 АЕК өтемақысынан бөлек тағы 150 АЕК төленеді
Еске салсақ, су тасқынынан зардап шеккендерге 100 АЕК өтемақысынан бөлек тағы 150 АЕК төленеді. Бұл ақшаға адамдар жоғалған қажетті заттарды: тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сатып ала алады.