Жаппай тәртіпсіздік кезінде тұтқындалғандардың мыңнан астамы әлі қамауда отыр
1 653 іс бойынша сот айыппұл салды.Қазіргі сәтте 1002 адам қамауда отыр. Олардың әкімшілік жазасын жеңілдету мақсатында прокурорлар аппеляциялық сотқа 1 758 өтініш хат енгізді, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин.
"Соттар осы оқиғалармен байланысты барлығы 8 354 әкімшілік іс қарады. Соттар мен прокурорлар жеңілдететін мән-жайлар мен кінәлі адамдардың өкінуін ескеруде. 3 337 құқық бұзушыға қамаққа алу немесе айыппұл түрінде жаза қолданылмай, ескерту жасалды. 1 653 іс бойынша сот айыппұл салды. Осы сәтте 1 002 адам қамақта. Олардың әкімшілік жазасын жеңілдету мақсатында прокурорлар аппеляциялық сотқа 1 758 өтініш хат енгізді. Қазіргі таңда прокурорлардың өтініш хаттары бойынша 676 адам қамақтан босатылды. 344 адамның айыппұлы ескертуге ауыстырылды", – деді Азамат Сарғазин.
Оқи отырыңыз: Ерлан Саиров: Террорист, экстремист, тонаушы, тәртіп бұзушылардың ара-жігін ашу маңызды
Сондай-ақ, ол прокурорлардың жазаны жеңілдетуге және айыппұлды ескертуге ауыстыруға бағытталған 738 өтініш хатты қарап жатқанын мәлімдеді. Бұдан бөлек тағы 358 іс материалдары сотқа жіберілмей тоқтатылған.
"Осы деректерден көрініп тұрғандай сот пен әкімшілік қамаққа алынған адамдардың көпшілігі босатылды. Қалған істер бойынша жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Оның ішінде 44-і – терроризм актілері бойынша, 15-і – кісі өлтіру бойынша, 6 іс – насихаттау фактілері және билікті басып алуға шақыру бойынша. Күдікті ретінде 780 адам ұсталды. Оның 695-ін сот қамаққа алды", – деп сендірді Азамат Серғазин.
Еске салсақ, төтенше жағдай кезінде көз жұмған әскер қызметкерлерінің отбасына 5 жылдық қызметақысы төленетіні туралы хабарлаған едік.