Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші раундта канадалық қарсыласы Стивен Батлерді нокаутқа жіберіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін күресте жеңіске жетті.

Қазақстандық үшін бұл екінші титулдық жекпе-жек болды. Өткен қарашада Әлімханұлы британ боксшысы Дензель Бентлимен (18-2-1, 15 КО) жекпе-жек өткізіп, оны бірауыздан төрешілер шешімімен жеңген еді.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста он төртінші жекпе-жекте жеңіске жетті, ал Стивен Батлер карьерасында төртінші рет жеңіліске ұшырады.


Оқи отырыңыз: 19 жастағы Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы атанды