Жаңбыр, жел, найзағай: 22 тамызға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады."Қазгидромет" РМК синоптиктері 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, республикамыздың батысында, оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ тән табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Сондай-ақ еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Сондай-ақ Атырау, Абай облыстары, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы өңірінің батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау өңірінің орталығында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.