"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 19, 20 және 21 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Тек республиканың шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

"Республика бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде - көктайғақ, оңтүстікте - найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы күндіз 5-13 жылыға дейін, шығыста, орталықта 8-18 жылыға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 15-22 жылыға дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі", – делінген хабарламада.