Қазгидромет РМК алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.

26-28 тамызда республиканың батысында, шығысында және солтүстік-батысында күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Екпінді жел соғып, қатты жауын-шашын күтіледі.

27-28 тамызда еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік бөлігінде жаңбыр жауады.


Оқи отырыңыз: Ағзада су мөлшері жеткіліксіз не артық екенін қандай белгілерден байқаймыз?


"Таяу күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдайды орталығы Обь шығанағында орналасқан циклон қалыптастырады. Осыған байланысты еліміздің көптеген аймағында жауын-шашын мол жауады", – деп хабарлады "Қазгидромет".