"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Жаңаөзендегі тұрғын үйде газ баллонының жарылуынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер кілтін сыйлайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі", – делінген компанияның хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, 17 сәуір күні сағат 05:04-те Жаңаөзен қаласында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдегі пәтерде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, 150 шаршы метр аумақта кіреберіс құлаған. 

Әкімдік дерегінше, сағат 08:30-да үйінді астынан 6 адам шығарылды. 13 адам зардап шекті, оның ішінде 1 мәйіт табылды, 5 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне шығарылды.