17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында Жаңаөзен қаласындағы екінші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылысы орын алды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 шаршы метр). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды.


Оқи отырыңыз: 


 

"Болған оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Оқиға орнындаңы жедел, үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды:  8 7292 31-90-99.


Оқи отырыңыз: Жарылыстар, коррупция, министр отставкалары, Қорғаныс министрлігімен байланысты ең шулы оқиғалар