Референдумда бюллетеньді өшіп қалатын сиямен толтыру ұсынылды – жалған ақпарат
Видео желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған.Қазнетте бүгін, 5 маусымда, республикалық референдумда түсірілген деген ролик жарияланды.
Кадрларда ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалады. Автордың пайымдауынша, дауыс беру кабиналарына осындай "өшіп қалатын" сиясы бар қаламдарды әдейі қойған. Бұл – фейк, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.
Сайт мәліметінше, шын мәнінде, жазу жоғалып кететін видео ескі. Ол желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған.
@nikita_ushtobe_kz вот вам и референдум смех да и только
♬ оригинальный звук - Никита💲Уштобе
Бір кездері Ресей, Украина, Қырғызстан және Қазақстанда тараған. Роликтің қазір өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ.