ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің жас пен еңбек өтіліне байланысты қалай екі нұсқада артатынын түсіндірді. Айтуынша, зейнеткерге тиімді нұсқадағы зейнетақы мөлшері тағайындалады. 

"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 46 АЕК-тен 55 АЕК-ке дейін (189 750 теңге) артты. Осыған орай, жасына байланысты төлем мөлшері 46 АЕК-пен шектелген болса, енді осы азаматтардың зейнетақысы ұлғаяды. Бұл ретте 55 АЕК шегіндегі кірісті негізге ала отырып есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 10,5 пайызға жоғары болуы мүмкін емес", – деді Тамара Дүйсенова. 

Министр мұны мысалмен түсіндірді. 

№1 мысал: Жасына байланысты зейнетақы төлемдері 21 жылдық еңбек өтілі мен орташа айлық табысы 160 мың теңгені негізге ала отырып 2022 жылғы 1 мамырдан бастап азамат А.-ға тағайындалды делік. Зейнетақы мөлшері 89 231 теңгені құрайды (бұл 146 280 теңгенің 61 пайызы). 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері былай есептеледі: 

  • 1 нұсқа: 89 231 * 10,5% = 98 601 теңге
  • 2 нұсқа: 160 000-ның  61 пайызы = 97 600 теңге

Оқи отырыңыз: 2023 жылдан бастап зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?


2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азамат А.-ға төлемге неғұрлым тиімді 98 601 теңге (9 370 теңгеге өскен) нұсқасы тағайындалады.

2-мысал: жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2022 жылғы 1 мамырдан бастап 21 жылдық еңбек өтілі мен орташа айлық табысы 200 мың теңгені негізге ала отырып тағайындалды делік. Көлемі 89 231 теңгені құрады (146 280 теңгенің 61 пайызы). 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері былай есептеледі: 

  • 1 нұсқа: 89 231 * 10,5% = 98 601 теңге 
  • 2 нұсқа: 189 750-дің 61 пайызы = 115 748 теңге 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азамат Б.-ға төлемге неғұрлым тиімді нұсқа – 115 748 теңге (26517 теңге өсім) тағайындалады.

"Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңның 4-бабына сәйкес ӨМ жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді. Яғни 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не ол күнкөріс деңгейінің 60 пайызы (54 пайыздың орнына) мөлшерінде болмаған кезде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан асқан әрбір толық жыл үшін 2 пайызға ұлғайған кезде, бірақ 100 пайыздан аспайтын мөлшерде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің пайызы болады. Бұл жаңа және 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап зейнеткер атанғандарға да қатысты. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – ҚР ЕХӘҚМ еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері", – деп қосты министр. 


Оқи отырыңыз: Зейнетақы қорындағы қаражат зекет беруге жарай ма? ҚМДБ үкімі 


Мұнымен қатар, Тамара Дүйсенова зейнетақы төлемдерін тағайындауға/арттыруға қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша аумақтық департаментке жүгінуге кеңес берді.