"Жағдай жасалмаған". Ауылдарда неге дәрігер тапшы?
Денсаулық сақтау министрі ауылдық жерлердегі дәрігерлерді қолдау шараларын күшейту қажеттігін айтты.Қазіргі таңда елімізде қанша дәрігер жетіспесе, жыл сайын медициналық оқу орындарынан сонша түлек шығады. Бірақ көптеген дәрігердің ауылдарға барғысы келмейді, деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәжілісте
Министрдің айтуынша, ауыл мен қаладағы дәрігерлер арасындағы дисбаланс сақталып отыр. Оған жергілікті әкімдіктер жасап отырған әлеуметтік жағдай да әсер етеді.
"Дәрігерлер неге кетіп қалады? Жағдай жоқ, жөндеу жұмыстарын жасауды талап етілетін үйлер беріледі, суық болады, жалпы алғанда медицина қызметкерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалмайды. Олар он жыл бойы еліміздің үлкен қалаларында білім алып, ол жақтағы жағдайдың қандай екенін көріп келеді. Ата-аналары да баласын ауылдық жерге жұмыс істеуге жібергісі келемейді", – деді министр.
Сол себепті Ажар Ғиният дәрігерлерді, әсіресе ауылдық жерлердегі дәрігерлерді қолдау шараларын жасау қажет екенін айтты.
"Дәрігерлер қанша жыл оқып, диплом алған соң, мамандығын тастап кетпеу үшін заң жобасын әзірледік. Олар болашағына сенімді болуы керек, лайықты еңбекақы алуы керек", – деді министр.
Оқи отырыңыз: Жыл сайын медицина қызметкерлеріне қатысты 300-ге жуық шағым түседі
Айта кетейік, елімізде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірленіп жатыр.