ҚР Үкіметі алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін Отбасы банкіне 2022 жылғы республикалық бюджет есебінен 5,1 млрд теңге несие беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды. 

Бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың жылдық 5 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен кредиттік тұрғын үйді, оның ішінде пилоттық жобалар шеңберінде сатып алуы үшін алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін жұмсалмақ. 

Банк мемлекеттен несиені 20 жыл мерзімге жылдық 0,15% сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен алады. Үкімет банкке 80 ай (6 жыл 8 ай) жеңілдік мерзімін ұсынады. Сәйкесінше, Отбасы банкі қарызын 2029 жылдан бастап жылына миллион теңге есебімен өтейді. 

Отбасы банкіне кредит беруге Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері жауапты болып бекітілген. 


Оқи отырыңыз: