Халықаралық "тәуелсіз интернет" рейтингінде Қазақстан Африка елдерінен төмен орын тепті
Қазақстанның тізімде мұнша төмен орналасуы шетелдік инвесторлар мен бизнес үшін тиімсіз екені айтылған.2022 жылдың қаңтар айында болған тәртіпсіздіктер кезінде бірқатар әлеуметтік желі, кейін интернетке қолжетімділік шектелді. Осыған байланысты қазақстандықтар елде не болып жатқанын біле алмады. Мұндай жағдай бірінші рет емес.
Finprom.kz зерттеуінше, елдегі интернет халықаралық стандарттардан әлдеқайда алшақ. Freedom House халықаралық үкіметтік емес ұйымның рейтингі бойынша, Қазақстан "тәуелсіз интернет" тізімінде 52-орынға жайғасты. Аталған рейтинг интернеттің цензураны қаншалықты айналып өтетіні және мемлекеттің оны қаншалықты шектейтінін көрсетеді.
Оқи отырыңыз: Интернеті жоқ ауылдардың "цифрлы Қазақстанға" қашан өтетіні белгілі болды
Қазақстан көптеген ТМД елдерінен төмен орналасты. Мысалы, Грузия алғашқы ондыққа енді. Украина мен Қырғызстан 26 және 37-орындарға жайғасты. Сондай-ақ, ҚР Кения, Ангола, Эквадор, Замбия, Малави, Ливан және Ливия сынды елдерден қалып келеді.
Қазақстанның тізімде мұнша төмен орналасуы шетелдік инвесторлар мен бизнес үшін тиімсіз. Еске салсақ, қаңтар айының басында елде интернет өшкені үшін көптеген компания өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.
2021 жылдың желтоқсан айының басында елде 16,5 млн ұялы байланыс абоненті болған еді.
Оқи отырыңыз:
- 5G жылдам интернет желісі астанада қашан қосылады? Тариф құны қалай есептеледі?
- Қазақстанда 58 мектеп интернет желісіне мүлдем қосылмаған