Астанада Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр. Форумның екінші күніне Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. 

"Бүгінгі форумға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелдерден еріктілер келіп отыр. Кешеден бері өзекті мәселелер талқыланып, жиынға қатысушылар пікірін ортаға салды, тәжірибесін бөлісті. Мұның бәрі игі істерді одан әрі жалғастыруға зор мүмкіндік береді. Қазақстанда еріктілерді қолдауға жан-жақты жағдай жасалған. Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын", – деді президент.

Форумға 34 елден 140-тан астам ерікті қатысып жатыр және 50 шетелдік спикер бар.