Владимир Путин Кенесары ханның бас сүйегін тауып, Қазақстанға қайтаруға уәде етті
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлаған.Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездескенде, Хан Кененің басын табуға ықпал етуін сұраған. Владимир Путин бұл жұмысқа жан-жақты көмектесетінін, артефакт табылатынын және Қазақстанға қайтарылатынын айтқан, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлаған.
"Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен бұл жұмысқа көмек көрсетуді сұрады. Елбасы қазақ халқы үшін соңғы хан сүйектерінің туған жеріне көміліп, оның жаны тынышталғаны өте маңызды екенін ерекше атап өтті. Владимир Владимирович Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ресей тарапы оған жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. Путиннің айтуынша, артефакт табылып, Қазақстан халқына қайтарылады", – деді Айдос Үкібай.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: