Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады
Президент мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беруді ұсынды.Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.
"Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады", – деді президент.
Сонымен бірге президент бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керек екенін айтты. Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс.