Ұлттық қордан республикалық бюджетке қаржы алу біртіндеп азаяды
2024 жылы қордан бюджетке 1,6 триллион теңге транферт алынады. Қаржы әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдағы стратегиялық маңызы бар жобаларға жұмсалады, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ендігі кезекте Ұлттық қорға алақан жаймай, бюджеттің кірісіне арқа сүйеуге басымдық беріледі. Үкімет басшысы экономикалық өсім 2026 жылға қарай 6% болады деп жоспарлап отырғанын айтты.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Ұлттық қордың трансфертіне тәуелділіктен біртіндеп құтылуымыз қажет
"Ұлттық қордан тартылатын қаражат – нысаналы трансферттер жылдан жылға төмендейтін болады. Ол үшін біз тиісті инвестицияларды тартып, нақты секторды қаржыландыру мәселесін шешеміз", – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.