Ұлттық медиа қауымдастығы: Үздік телеөнімдердің 75 пайыздан астамы – қазақтілді жобалар
Рейтингтік бағдарламалар мен фильмдерді талдау қазақ тіліндегі контентке деген үлкен қызығушылық барын көрсеткен.Ұлттық медиа қауымдастығының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев ақпан айының қорытындысы бойынша жасалған қазақстандық телеарналар мен теле-өнімдердің рейтингін жария етті.
Оған сәйкес, "Еуразия" бірінші арнасы үздік телеарналар көшін бастаса, кейінгі орындарды КТК және НТК арналары иеленген.
Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларының рейтингін ұлттық арнаның "Апта" сараптамалық бағдарламасы бастайды. Келесі орындарда КТК-ның "Портрет недели" бағдарламасы және 31 арнаның "Сөздің шыны керек" бағдарламасы жайғасқан. Үздік бестікті қорытындылаған "Астана" телеарнасының Sarap times және "Хабар" агенттігінің "7 күн" бағдарламалары да қазақ тілінде.
Үздік танымдық бағдарламалар:
- "1001 түн" бағдарламасы ("Қазақстан" телеарнасы);
- "Ауылдастар" бағдарламасы ("Қазақстан" телеарнасы);
- "Айран" бағдарламасы (КТК телеарнасы).
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы 64 елдің елшілігінің тоғызы ғана ресми сайтында қазақша ақпарат таратады
"Жалпы "Қазақстан" арнасының бағдарламалары бұл рейтингтің алғашқы ондығының ішінде бес орынды алып отыр, бұл мемлекеттік телеарнаның тәрбиелік бағытқа аса мән беретінін көрсетеді" деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.
Отандық сериалдар:
- "Сезім толқыны" телесериалы ("Қазақстан" телеарнасы);
- "Жат бауыр" телесериалы ("Қазақстан" телеарнасы);
- "Сержан братан" телесериалы (Жетінші арна).
Көркем фильмдер:
- "Где мое кольцо?" ("Қазақстан" телеарнасы);
- "Анаға апарар жол" ("Қазақстан" телеарнасы);
- "Әли" ("Қазақстан" телеарнасы).
Оқи отырыңыз:
- "Қазақша диссертациялар үлесі 1 пайыздан кем". Қазақ тілінде оқулық жазу неге қиын?
- Үштілділік саясаты мен жаһандану. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуға не кедергі?
"Рейтингтік бағдарламалар мен фильмдерді талдау қазақ тіліндегі контентке деген үлкен қызығушылықты көрсетеді. Үздік телеөнімдерінің арасында 75 пайыздан астамы қазақтілді жобалар", – деп қорытындылады Кемелбек Ойшыбаев.
Ескерту: Ұлттық медиа қауымдастығының рейтингі ірі қалаларда өлшенеді, 6 және одан жоғары жастағы адамдардың медиа қалауын зерттейді.