Ұлттық фильмдер арасында "Оскар" байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды
Өтінімдер 2021 жылдың 23 қазанына дейін қабылданады.Америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының (AMPAS) 94-ші "Оскар" сыйлығының конкурсына қатысу үшін ұлттық фильмдер бойынша өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы Қазақстан кинематографистері одағының жанындағы Оскар комитеті мәлімдеді.
"Үздік халықаралық толықметражды фильм/International feature film" санатының сыйлығына үміткер фильм келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- толықметражды көркем, деректі немесе анимациялық фильм (кем дегенде 40 минут) болуы;
- 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде прокатқа шығу.
2021 жылы Қазақстанның Оскар комитеті ұлттық фильмдерді іріктеудің мынадай күндерін бекітті:
- қатысуға өтінімдер қабылдау – 2021 жылдың 23 қазанына дейін (kazakh.oscars@gmail.com);
- 2021 жылдың 1 қарашасында – Қазақстанның атынан сыйлыққа үміткер фильмнің ресми жариялануы.
Естеріңізге сала кетейік, кино саласындағы жетістіктері үшін берілетін 94-ші Оскар сыйлығын табыстау шарасы 2022 жылдың 27 наурызында "Долби" театрында (Голливуд, Лос-Анджелес) өтеді.