Қазақстан халқының басым бөлігінде жан басына шаққандағы орташа табыс айына орта есеппен 151 мың теңгеден аспайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тамыз айындағы ақша-несие саясаты туралы есебінде хабарлады.

Мамандардың айтуынша, 2022 жылы халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы айына 154 мың теңгені болса, ал орташа табыс 2,5 есеге дерлік төмен – 63 мың теңгені құраған. Биыл маусым айында орташа айлық табыс аздап өсіп, 174 мың теңге болды. Ал осы жылдың бірінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, халықтың жан басына шаққандағы табысының 90 пайызы орташа есеппен айына 151 мың теңгеден аспайды.

Жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы айдағы жиынтық табысының үлесі.


Оқи отырыңыз: Ұлттық статистика: Қазақстандықтардың орташа жалақысы 365 502 теңгеге дейін өсті.


"Табысты бөлудегі теңсіздікті көрсететін Джини коэффициенті 2021 жылдан бастап Қазақстанда теңсіздік дәрежесі айтарлықтай төмендегенін көрсетті. Халықтың ең бай және кедей топтары арасындағы табыстың ең аз айырмашылығы екі мұнайлы өңір: Маңғыстау және Атырау облыстары болса, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халқы ең көп аймақтар: Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы", – деп жазылған құжатта.

Сарапшылар атап өткендей, Қазақстан халқының барлық кірісінің төрттен бір бөлігі дерлік, яғни 24,3%-ы ең бай адамдардың үлесіне тиеді. Олардың табысы 151,3 мың – 2,97 млн ​​теңге аралығында.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жалақысы ең төмен салалар мен өңірлер анықталды.